«Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 178-ө бұйрығы (күші жойылды)

Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 178-ө бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 24, 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың кәсіпкерлігін дамытуына мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 44-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 53-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік қолдау көрсету туралы:

1) біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жіберу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Халықты жұмыспен қамту департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.