Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 22/1 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 129/4 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап және көрсетілетін қызметті берушінің шешімі туралы хабарламаны алғанға дейін - күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайды.