«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 129/4 қаулысымен бекітілген) (2014.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.17.07. № 211/7 Қаулысымен күші жойылды

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 129/4 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2014.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 


1. Жалпы ережелер

 

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ұсынады. Өтінішті қабылдау және нәтижелерді беру «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Орталық) және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде: көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.

Портал арқылы өтініш берген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.