2014-2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 184 шешімі
(2014.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014.20.02. № 214 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.04. № 219 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2014 - 2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 38 922 150 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер - 20 474 832 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 196 311 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер - 160 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 18 091 007 мың теңге;
2) шығындар - 43 575 375,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 22 224 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 22 224 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен
операциялар бойынша сальдо - 669 140 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 669 140 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 830 598 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану) -5 344 589,3 мың теңге,
оның ішінде:
қарыздар түсімі -5 344 589,3 мың теңге.
қарыздарды қайтару - 614,1 мың теңге.