Алматы облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 мамырдағы № 32-195 шешімі
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.