Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 393 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеу» бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті бекітілсін.