«Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/154 қаулысымен бекітілді) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/328 Қаулысымен күші жойылды

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 21 сәуірдегі

№ А-4/154 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Наркологиялық диспансерден анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық наркологиялық сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізуші құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген, «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының қосымшасына сай, нарколог-дәрігермен және анықтама берген медициналық тіркеушімен қол қойылған және тіркеу журналында анықтаманы тіркеу арқылы дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген наркологиялық диспансерден қағаз түріндегі анықтама.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.