Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімі
(2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 2 Өкімімен (бұр.ред.қара); 2016.08.02. № 191 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2016.10.10. № 357 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2017.20.10. № 568 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 195 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Президентінің 2020.14.07. № 118 өкімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.20.02. № 515 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.11. № 5 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2024.03.01. № 429 Жарлығымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Президентінің 2024.29.06. № 591 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы, басшы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары