(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2008.05.06 № 326 ҚАУЛЫСЫ

Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский селолық округтері аумағындағы туристік кешендер
құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және
олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы
Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 326 қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесінің бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский селолық округтері аумағындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

Жобада су қорғау аймақтарының ені және ұзындығы бөлінген:

№ 1 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 5,0 гектарды құрайды.

№ 2 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 4,8 гектарды құрайды.

Жобада су қорғау белдеулерінің ені және ұзындығы бөлінген:

№ 1 телімде: ені 60 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,6 гектарды құрайды.

№ 2 телімде: ені 60-70 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,58 гектарды құрайды.

Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:2000 масштабында салынған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.