Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) телекоммуникация желілерін, ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы;

2) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ;

2) ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2024.05.07. № 111-VІІІ ҚР Заңымен ескертпелермен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

Ескертпелер. Осы бапта, осы Кодекстің 308 және 309-баптарында:

1) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында насихаттау деп жезөкшелік, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтер, осындай қызметтерді көрсетудің пайдасы мен артықшылықтары туралы кез келген ақпарат таратуды түсінген жөн;

2) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында жарнамалау деп осындай қызметтерді көрсететін адам, олардың бағасы, алу тәсілі және (немесе) орны туралы ақпарат таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.

 

135-бап. Кәмелетке толмағандар саудасы

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) екі және одан да көп адамға қатысты;

6) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алып қою мақсатында;

7) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

8) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

9) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға жат өзге де әрекеттер жасауға тарту мақсатында;

10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;

11) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты;

12) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;

2024.05.07. № 111-VІІІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған;

2024.05.07. № 111-VІІІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

14) қанауда босанған және (немесе) өзімен бірге кәмелетке толмаған баласы бар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау -

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2024.05.07. № 111-VІІІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (

Ескертпе. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің өзін пайдалануға келісімі осы Кодекстің 128-бабына ескертпеде көзделген ықпал ету тәсілдерінің болуына немесе болмауына қарамастан, назарға алынбайды.

 

136-бап. Баланы ауыстыру

1. Баланы қасақана ауыстыру -

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалған дәл сол іс-әрекет -

үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөнiндегi заңсыз әрекеттер -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған немесе лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 138-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасаған, бала асырап алу құпиясын бала асырап алушының еркiне қайшы жария етуi -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 139-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

139-бап. Балаларын күтіп-бағауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару

Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы -

алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау

1. 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді

2. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, екі және одан көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

141-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындайтын немесе мұндай мiндеттердi өзiне ерiктi түрде алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 142-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

142-бап. Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану

Қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соққан, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдiк немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаға зиян келтiріп өзге де ұждансыз пиғылмен пайдалану немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланы қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қасақана қалдыру -

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді

1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету -

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді

2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 144-бап өзгертілді

144-бап. Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға, таратуға, жарналамауға және сатуға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;

2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

3-тарау. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

 

145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу -

бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекет -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 146-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар

1. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, яғни азаптау белгілері болмаған кезде лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Азаптаулар, яғни лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәліметтер алу немесе мойындату не оны өзі немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

2) бірнеше рет;

3) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріле отырып;

4) кінәлі адамға жүктілік жағдайында екені көрінеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне алып келген іс-әрекеттер -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертпелер.

1. Лауазымды адамдардың және ресми түрде әрекет ететін адамдардың не басқа да адамдардың заңды әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген тән зардабы және (немесе) психикалық зардап қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас және азаптау деп танылмайды.

2. Ресми түрде әрекет ететін адам - осы Кодексте пайдаланылатын лауазымды адамның немесе билік өкілінің анықтамаларына жатпайтын, адам еңбек қатынастарында тұратын ұйымда тұрақты, уақытша не мерзімде негізде ұсталатын, ем алатын, оқитын немесе тәрбиеленетін адамға қатысты өкім етуші өкілеттіктері бар адам, оның ішінде: оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің (ұйымының), медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) қызметкері, педагог, нұсқаушы, медицина қызметкері, сондай-ақ шарт бойынша қызметкерлер.

 

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді

2. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу (таратуды қоспағанда) нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі, ақпараттандыру объектілері бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасалған іс-әрекеттер -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату не өзге де дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру -

үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шығармада, масс-медиада, телекоммуникация желілерінде, ақпараттандыру объектілерінде немесе онлайн-платформаларда, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасау -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жеке тұлғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу -