Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды; 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының, ұйымдар қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындауы кезінде алған ақшамен және (немесе) өзге де мүлiкпен жасалған операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты олардың заңсыз жария етуі немесе өзге де заңсыз пайдалануы -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 224-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

224-бап. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзуы

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне көрiнеу анық емес мәліметтерді енгізу, сол сияқты эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы көрiнеу анық емес есеп жасау, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, -

бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 225-бап өзгертілді

225-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi залал келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

226-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа тұлғаға ауысуына әкеп соққан көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Iрi залал келтiрген дәл сол іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 227-бап өзгертілді

227-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының iрi залал келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

228-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Iрi залал келтiрген, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

229-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді

1. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, яғни бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға не бағалы қағаз саудасының көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мынадай:

1) бірнеше рет;

2) аса ірі залал келтірген;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

230-бап. Инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді

1. Бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәміле (мәмілелер) жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты қасақана пайдалану немесе үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратты қасақана заңсыз беру не үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділікті қасақана заңсыз беру, сол сияқты инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәміле (мәмілелер) жасасу туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға қасақана беру, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мынадай:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған:

2) аса ірі залал келтірген;

3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

231-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бiрнеше рет;

3) iрi мөлшерде;

4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтіп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

232-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу

1. Жалған төлем карточкаларын, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатында жасау немесе өткізу -

мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бiрнеше рет жасалған немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 232-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

232-1-бап. Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру

1. Материалдық сыйақы және (немесе) мүліктік сипаттағы пайда үшін не оларды алу мақсатында үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну не оларды үшінші тұлғаға пайдалануға заңсыз беру -

мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін не оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына банктік шотын не төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру -

мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

7. Заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында банктік шотты не төлем құралын не сәйкестендіру құралын басқаруға қолжетімділікті заңсыз алу -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, бұл туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ осы құқық бұзушылықты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 233-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

233-бап. Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді

1. Айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан, акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді

2. Көрiнеу жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен ескертумен толықтырылды

Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 233-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

233-1-бап. Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу

1. Айтарлықтай мөлшерде жасалған, шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу -

бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

234-бап. Экономикалық контрабанда

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді

1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып жасалған не декларацияламаумен немесе көрінеу анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, iрi мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде осы Кодекстiң 286-бабында көрсетiлгендерді қоспағанда, кедендiк шекара арқылы өткiзуге тыйым салынған немесе шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы қағидалары белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу не Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салу немесе шектеу белгіленген тауарларды немесе өзге де заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізу -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді

2. Мынадай:

1) бiрнеше рет;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын адамға күш қолданып;

4) аса iрi мөлшерде;

5) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

2) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, ал 1) тармақта көзделген жағдайларда белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

235-бап. 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 235-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

235-1-бап. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жөнелту және аудару

1. Валюталық құндылықтарды тиісті мәмілелердің және ақы төлеудің өзге де қарсы міндеттемелерінің шынайы құнынан (бағасынан) асатын көлемде (мөлшерде), оның ішінде жалған құжаттарды пайдалану, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың құнын (бағасын) жасанды түрде арттыру арқылы Қазақстан Республикасынан әкету, жөнелту немесе аудару -

валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Тараптардың жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды беру туралы тиісті міндеттемелерді және ақы төлеудің өзге де қарсы міндеттемелерін орындау ниеті болмаған кезде валюталық құндылықтарды жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, тауарларға және өзге де өтеулі шарттар бойынша ақы төлеу есебіне, оның ішінде жалған құжаттарды пайдалану, түр көрсету үшін мәмілелер және (немесе) әрекеттер жасау (нақты құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз) арқылы ірі мөлшерде Қазақстан Республикасынан әкету, жөнелту және аудару -