2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 20-4) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 20-4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;
20-5) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 20-6) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 20-6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-6) спорттық медицина жəне оңалту ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 20-7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
20-7) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 20-8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
20-8) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 20-9) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
20-9) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 20-10), 20-11) жəне 20-12) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
20-10) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;
20-11) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
20-12) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы:
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалар командаларының құрамдарын қалыптастырады жəне бекітеді;
12) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылды
14-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
14-2) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
14-3) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-5) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-6) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 14-7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-7) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 14-8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-8) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі:
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
4. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің, кенттің және ауылдың әкiмi:
1) спорт мекемелерiне қолдау жасайды және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуіне жәрдем көрсетедi;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жеке адамдардың тұрғылықты жерiнде және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тиісті аумақтар шегінде ерікті негізде құрылатын спорт клубтарын құруға және олардың қызметіне жәрдемдеседі;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
1. Дене шынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдар, дене шынықтыру-спорт ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіби және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызын ашуды, ұлтты сауықтырудағы, жеке адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы олардың рөлін қамтамасыз етеді.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар, дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады.
3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ
10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спорт субъектiлерiне:
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары: олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервін даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері мен спорт клубтарының барлық түрлері, жаттығу орталықтары, спорттық даярлау орталықтары, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, спорт лигалары, спорт секциялары, əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, дене шынықтыру мен спортты дамытуды жүзеге асыратын ведомстволық спорт қоғамдары мен қоғамдық бірлестіктер, дене шынықтыру орталықтары;
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары;
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар;
5) спорттық медицина ұйымдары;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) дене шынықтырумен айналысатын жеке адамдар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 7), 8), 9), 10) жəне 11) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті;
10) Қазақстанның Арнаулы олимпиадасы;
11) допингке қарсы ұйымдар жатады.
2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады, спортшылардың және спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын басқа да адамдардың денсаулығын қорғау және нығайту үшін жағдайлар жасайды, спортшыларға, жаттықтырушыларға және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға жаттығу жасау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықаралық спорт ұйымдарына мүше бола алады, егер мұндай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мәртебесіне сәйкес құқықтарға ие бола алады және міндеттер атқара алады.
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сəйкес спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асырады.
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу
1. Ұлттық жəне жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.
2. Аккредиттелген тиісті ұлттық спорт федерациясы жоқ бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуге жатады.
3. Олимпиадалық жəне олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға жəне (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
4. Ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға тиіс.
5. Паралимпиадалық жəне паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға жəне (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.
6. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға жəне (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті тануға тиіс.
7. Спорт федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация «ұлттық» деген мəртебемен аккредиттеледі.
8. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына «ұлттық» деген мəртебе беріледі.
9. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы спорт түрі (түрлері) бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға тиіс.
10. Жергілікті атқарушы органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына «жергілікті» деген мəртебе беріледі.
12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары:
1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
2) спорт түрі (түрлері) бойынша спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге;
3) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сəйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары немесе Қазақстан Республикасының командалары үшін өнер көрсетуге құқығы жоқ спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына шектеулер белгілеуге;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының нышандарын пайдалануға барлық құқықтарды иеленуге;
6) спорт салаларын спорт түрлерінің тізіліміне қосу туралы ұсыныстар енгізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары:
1) спорт түрлерін дамытуға және кеңінен таратуға;
2) халықаралық спорт ұйымдарының (болған кезде) талаптарына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша қағидаларды әзірлеуге және бекітуге;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды əзірлеуге жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға бекітуге ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) əзірлеуге жəне бекітуге;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының халықаралық спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге;
6) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат беруге;
8) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде шаралар қабылдауға;
9) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға бірыңғай спорттық сыныптамаға енгізу мақсатында спорттың тиісті түрлерiне қойылатын талаптар мен нормаларды және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын белгіленген тәртіппен ұсынуға;
11) спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға;
12) жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыруға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық атақтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылатын құжаттарды келісуге;
14) спортшыларды тіркеуді жүргізуге;
15) спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін жүргізуге;
16) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға;
17) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
18) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге;
19) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге;
20) допингке қарсы қағидаларға сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесуге;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) дисквалификациялау туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге;
23) әдістемелік жұмыс нәтижелерінің негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спорт түрін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге;
24) егер осы шарттар халықаралық спорт федерацияларының талаптарында көзделсе, кәсіпқой спортты дамыту жөніндегі міндеттерді орындауға;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1) спорт түрлері бойынша спортшылардың əрбір жас тобы үшін оқу-жаттығу процесінің əдістемелік құралдарын дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əзірлеуге;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары:
1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
2) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына спорт түрінің (түрлерінің) дамуы туралы ақпарат жіберуге;