«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы (2026.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары:

1) спорт түрін дамытуға және кеңінен таратуға;

2) спортшыларды тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша даярлау жоспарларын әзірлеуге;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсынуға;

4) спортшылардың спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге;

5) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат ұсынуға;

6) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде шаралар қабылдауға;

7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;

8) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға;

9) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;

10) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге;

11) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге;

12) допинг-бақылау жүргізу тәртібіне сәйкес тестілеу өткізуге жәрдемдесуге;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) дисквалификациялау туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге;

15) әдістемелік жұмыс нәтижелерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына спорт түрлерін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды

15-2) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатын құжаттарды келісуге;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi

1. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс мақсаты олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық олимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ұлттық олимпиадалық қозғалысты қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасына, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес және Халықаралық олимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi басқарады. Мемлекет ұлттық олимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне өзінің жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi:

1) мемлекетте олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;

2) Олимпиада ойындарында және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Қазақстан Республикасын білдіреді;

3) Халықаралық олимпиада комитетінде Қазақстан Республикасын білдіреді;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi;

5) Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының спортшыларын қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық олимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;

7) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитетіне тиесілі олимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, «Олимпиадалық ойындар», «Олимпиада ойындары» деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің олимпиадалық эмблемасына, девизіне, туына және өзге де ұлттық олимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының Олимпиада ойындарында және Халықаралық олимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы астында жүзеге асырылады.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды өзінің қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен іске асырады.

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.

 

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды

13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Ұлттық паралимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес және Халықаралық паралимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық паралимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесе отырып, қолдау көрсетеді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті:

1) мемлекетте паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;

2) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;

3) Халықаралық паралимпиада комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық паралимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;

7) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитетіне тиесілі паралимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, «Паралимпиадалық ойындар», «Паралимпиада ойындары» деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық паралимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды меншікті қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен іске асырады.

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.

 

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды

13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс мақсаты сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Республикасының мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық сурдлимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты құптайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті:

1) мемлекетте сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;

2) Сурдлимпиадалық ойындарда және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;

3) Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;

7) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне тиесілі сурдлимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, «Сурдлимпиадалық ойындар» атауын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық сурдлимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп жүзеге асырылады.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен іске асырады.

 

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Арнаулы олимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтыруы мен спортын дамытуға жәрдемдесу, көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын халықаралық арнаулы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.

2. Қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, тиісті халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларына сәйкес және халықаралық спорт ұйымдарының құптауы негізінде, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік арнайы олимпиадалық қозғалысты басқарады.

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік Арнайы олимпиадалық ойындарда, Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларынан өкілдік етеді.

4. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.

 

15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт

1. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес оқу уақытында және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Дене тәрбиесі мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бірінші және екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде үш сағат көлемінде жүргізіледі.

Денсаулығы уақытша əлсіреген білім алушылар мен тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады.

Мүгедектігі бар (тəндік немесе психикалық денсаулық жағдайында тұрақты ауытқулары бар) білім алушылар мен тəрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру жəне спорт əдістері мен құралдарын пайдалана отырып, бейімдік дене шынықтыру жəне спорт топтарында немесе жалпы топта айналысады.

Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі сабақтарында дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті қолдану көзделеді.

Дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бар білім алушылар дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.

Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің жəне спорт саласындағы техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде жəне спорт саласындағы техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дене тəрбиесі сабақтары оған бөлінген оқу сағаттары шеңберінде таңдалған спорт түрі (түрлері) бойынша оқу-жаттығу процесі нысанында өткізіледі жəне мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатта дене тəрбиесі пəні ретінде көрсетіледі.