«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Атырау аудандық пайдалану бөлiмі»
мемлекеттік мекемесiн құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы № 1125 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 298-11қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимиті шегiнде 19 бiрлiк штат саны бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Атырау аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын.