Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V Қылмыстық-атқару кодексі (2026.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) бір жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және екi ұзақ мерзімді кездесу алуға;

3) бір жыл ішінде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға құқылы.

5. Кәмелетке толмаған сотталғандарға, осы Кодекстің 104-бабының үшінші бөлігінде көзделген тыйым салулардан басқа:

1) темекі өнімдерін тұтынуға және сақтауға;

2) жалпы білім беретін ұйымдарда, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өткізілетін сабақтарды дәлелсіз себептермен жіберіп алуға;

3) жалпыға міндетті іс-шараларды дәлелсіз себептермен жіберіп алуға тыйым салынады.

 

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 152-бап өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

152-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қолданылатын көтермелеу шаралары

Сотталғандарға жақсы мінез-құлқы, еңбек пен оқуға адал қарағаны, ерікті ұйымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін осы Кодекстің 128-бабында көзделгендермен қатар мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:

1) қызметкерлердің еріп жүруімен мекеменің шегінен тыс жердегі мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларға бару құқығын беру;

2) ата-аналарының немесе жақын туыстарының еріп жүруімен мекеменің шегінен тыс жерге шығу құқығын беру.

Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен немесе прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.

 

153-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде көтермелеу шараларын қолдану ерекшеліктері

1. Осы Кодекстің 152-бабында көзделген көтермелеу шаралары қолданылған сотталғандарға өздеріне тиесілі азаматтық киім беріледі.

2. Түнгі уақытта мәдени-ойын-сауық, спорттық және өзге де іс-шараларға баруға жол берілмейді.

3. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу ұзақтығын мекеме бастығы белгілейді, бірақ ол сегіз сағаттан аспауға тиіс.

 

154-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазалау шараларын қолдану тәртібі

1. Кәмелетке толмаған сотталғандардың осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамауы жазаны өтеудің тәртiбiн бұзуы болып табылады.

2. Мыналар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуы болып табылады:

1) мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстардан дәлелсіз себептермен бас тарту;

2) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану;

3) мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасқан бағынбаушылық;

4) мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін беру (алу), дайындау, сақтау;

5) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында карта ойнау, сондай-ақ құмар ойындарына қатысу;

6) сот тағайындаған міндетті және мәжбүрлеп емдеуден жалтару;

7) сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау;

8) осы бөліктің 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсенді түрде қатысу.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылады.

Сотталған адамға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.

4. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам, оған қатаң сөгіс түрінде жазалау екі және одан көп рет қолданылған кезде, мекеме бастығының қаулысымен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылады.

5. Кәмелеттік жасқа толған сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін осы Кодекстің 131 - 134-баптарында көзделген тәртіппен жазалау шаралары қолданылады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды

6. Сотталғандар уақытша оқшаулау үй-жайынан емдеу-профилактикалық мекемелерге, сондай-ақ медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылған жағдайда, олардың көрсетілген емдеу мекемелерінде болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.

 

155-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде кәмелеттік жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қалдыру

1. Он сегіз жасқа толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің келісімімен, бірақ көп дегенде олар жиырма бір жасқа толғанға дейiн мекемеде қалдырылуы мүмкін.

2. Мекемеде қалдырылған сотталғандарға кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған жазаны өтеу жағдайлары, тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары қолданылады.

3. Он сегіз жасқа толған сотталғандарды мекемеде қалдыру туралы шешімді сот мекеме бастығының ұсынуының негізінде қабылдайды.

 

156-бап. Сотталғандарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден басқа мекемелерге ауыстыру

Он сегіз жасқа толған сотталғандар өздерінің келісімімен, сондай-ақ жиырма бір жасқа толған сотталғандар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сот шешімі бойынша жазасын одан әрi өтеу үшiн орташа қауіпсіз мекемеге ауыстырылады.

 

157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

1. Сотталғандарды түзеу және оларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, сотталғандардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын, еңбек пен оқуға адал көзқарасын қалыптастыруға, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуына, мәдени деңгейін арттыруына бағытталған бірыңғай оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылады.

2. Сотталғандармен тәрбие жұмысы жеткіншектерге тән психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдістері негізінде жеке, топтық және көпшілік нысандарда жүргізіледі.

2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық, кәсіптік және қосымша білім алуы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ ата-аналар комитеті қатысады.

 

 

5-БӨЛІМ. 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

6-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

 

 

26-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ

 

161-бап. Жазаны өтеуден босату негіздері

1. Мыналар жазаны өтеуден босату негiздерi болып табылады:

1) сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу;

2) iс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот үкiмiнің күшiн жою;

3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату;

4) жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру;

5) рақымшылық жасау туралы акт;

6) кешiрiм жасау туралы акт;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеде көзделген, сотталған адамның ауруы;

8) заңда көзделген өзге де негiздер.

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мекеме әкімшілігі жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша - босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.

3. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.

4. Сотталған адам таңдаған тұрғылықты жеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өзі барады.

 

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 162-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi

1. Сотталған адам заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаларды орындайтын мекеме немесе орган сотталған адамды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы мәселенi қарау үшiн сотқа өтiнiшхат беру құқығының басталғаны туралы бес күндік мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

2. Кешiрiм жасау туралы өтінішхатты жазаны орындайтын мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен енгiзедi.

3. Сотталған адамның жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру және кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатына жазаны орындайтын мекеме немесе орган оның жеке басына, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін деректердi қоса бередi.

4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртiбiн рақымшылық жасау туралы актiнi шығарған орган айқындайды.

5. Психикасының бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі.

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Ауыр сырқатына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде сотқа медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі. Ұсынуда сотталған адамның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына мінездеме беретін деректер болуға тиiс.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізеді.

8. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған әйелдiң жүктiлiгi анықталған жағдайда, жазаны орындайтын орган жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы сотқа ұсыну енгiзедi.

2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 9-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган сотталған адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы өтiнiшхатпен жүгінгеннен кейiн оны он күн iшiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген материалдарды және сотталған адамның жеке iсiн қоса бере отырып, сотқа жiберуге, сондай-ақ осы баптың оныншы бөлігінде көзделген ережелерді сақтай отырып, прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi.

Сотқа материалдар мен прокурорға хабарлама электронды құжат түрінде жіберілуі мүмкін.

2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бөлік өзгертілді

10. Жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтінішхатты қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайлар болса, сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға не оның жазасының өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыруға немесе одан бас тартуға құқылы.

Сот бас тартқан жағдайда, осы бөліктің үшінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. Бұл ретте жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы соттың бас тартуы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты, сол сияқты соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы - жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішхатты алты ай мерзім өткенге дейін енгізуге кедергі бола алмайды.

Сот өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан кезде, өтінішхат бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін қайта енгізілуі мүмкін.

 

2026.11.06. № 307-VIII ҚР Заңымен 162-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

162-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуға ұсыну тәртібі

1. Мекеме әкімшілігі сотталған адамды:

1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген;

2) бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту осының алдында қолданылған;

3) соңғы жазалау өтелген немесе алып тасталған күннен бастап ол бас бостандығынан айыру жазасының бір жылын өтегеннен кейін бес күн ішінде және қолданыстағы жазалау болмаған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану үшін құқықтық негіздердің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.

2. Сотталған адамға қатысты бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану үшін құқықтық негіздер басталған күннен бастап он күн ішінде мекеме әкімшілігі растайтын материалдарды қоса тіркей отырып, сотқа ұсыну жібереді, сондай-ақ прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.

3. Егер сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, мекеме әкімшілігі он күн ішінде:

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап қылмыстық қудалау органына сотталған адамға қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды (шартты түрде қысқартуларды) растайтын мәліметтерді қоса беріп, іске қосу үшін күдіктінің, айыпталушының жеке басына мінездеме беретін материалдарды жібереді;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігінде, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 78-бабының екінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алған күннен бастап сотқа бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жою туралы ұсыну жібереді.

Сонымен бір мезгілде мекеме әкімшілігі прокурорды осы бапта көзделген ережелердің сақталғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Сотқа жолданатын материалдар мен прокурорға жолданатын хабарлама электрондық құжат түрінде жіберілуі мүмкін.

 

163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру

1. Мекемеде жазасын өтеп жүрген жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге сот бес жылға дейінгі мерзімге, бірақ әрі дегенде бала он төрт жасқа толғанға дейін жазаның орындалуын кейiнге қалдыруды беруі мүмкiн.

2. Жазаны орындауды кейінге қалдыру жеке басқа қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған адамдарға қолданылмайды.

3. Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандардың жазасын орындауын кейінге қалдыру осы Кодекстің 52-бабының сегізінші бөлігіне, 57-бабының төртінші бөлігіне және 69-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға жазаны орындауды кейiнге қалдыруды қолдану туралы ұсынуды немесе оның өтiнiшхатын сотқа жібереді. Бұларға: сотталған адамға мiнездеме; пробация қызметі жасаған, сотталған адамның, сотталған адамды және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға келiскен оның жұбайының (зайыбының) немесе туыстарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеп-қарау актiсi; жүктiлiгi туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ сотталған адамның жеке iсi қоса беріледі.

5. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға қатысты жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот қаулысын алған бойда оны босатады. Сотталған адамнан келген күнiнен бастап бес жұмыс күні ішінде өзiнiң тұрғылықты жерiндегі пробация қызметіне келуі туралы қолхат алынады.

6. Сотталған адам тұрғылықты жерiне бюджет қаражаты есебiнен өзi барады.

7. Босатылған күнi сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметіне босатылған күнi көрсетiлiп, жазаның орындалуын кейiнге қалдыру туралы сот қаулысының көшiрмесi жiберiледi.

8. Пробация қызметі сотталған адам келгеннен кейін үш жұмыс күні iшiнде оны есепке қоюға, босатылған орны бойынша мекемеден оған мінездеме беретін материалдарды сұратуға және бұдан әрi оның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

9. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған сотталған адам босатылған күннен бастап екі апта мерзімде келмеген жағдайда, пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және заңда белгіленген тәртіппен оған іздестіруді жариялау үшін сотқа материалдар жібереді.

 

164-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау салдарлары

1. Қоғамдық тәртiптi бұзуға жол берген, өзiне жазаны орындауды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған адамға қатысты, егер кейiнге қалдыру кезеңiнде оған әкiмшiлiк жазалау не тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылған болса не егер ол баланы тәрбиелеуден немесе оны күтiп-бағудан жалтарса, пробация қызметі жазбаша ескерту шығарады.

2. Сотталған адам баладан бас тартқан, не баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырған, не бақылаудан жалтарған, не қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырған жағдайларда, екі рет жазбаша ескертуден кейiн пробация қызметі сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі сотқа жазаны орындауды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталған адамды сот үкiмiмен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсыну енгiзедi. Ұсынуға жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот шешімінің көшiрмесi қоса беріледі.

3. Жазаны орындауды кейiнге қалдыру мерзiмi өткеннен кейiн немесе бала қайтыс болған не жүктiлiк үзiлген жағдайларда, сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі оның мiнез-құлқын ескере отырып, сотқа жазаның қалған бөлiгiн өтеуден босату не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңіліне ауыстыру не оны мекемеге жiберу туралы ұсыну жібереді.

 

165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi

1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеу, заңға сәйкес жаза мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнi тоқтатылады.

2. Қамаққа алуға және бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні деп жаза мерзімінің басталуы есептелген күннің алдындағы күн есептеледі.

Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi аяқталатын болса, сотталған адам демалыс немесе мереке күнінің алдындағы күнi жазасын өтеуден босатылады. Жаза мерзiмi айлармен есептелген кезде, ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн болмаса, онда сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.

3. Сотталған адамға босатылған кезде оған тиесiлi заттары, құнды заттары, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында сақтаулы ақшасы және жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi.

4. Қамаққа алу түрiндегi жазадан босатылатын адамның немесе әкімшілік қадағалау белгіленбей бас бостандығынан айыру мерзімін өтегеннен кейін босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары, оның еңбек кiтапшасы мен зейнетақы куәлiгi, сондай-ақ сотталған адамның жеке ісінде сақталатын өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына берiледi. Сотталған адамның жеке iсiнде жеке басын куәландыратын құжаттары, еңбек кiтапшасы мен зейнетақы куәлiгi болмаған кезде мекеменiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейінгі алты ай қалғанда оларды ресімдеу жөнінде шаралар қолданады.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын, бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, жазаны өтеуді және мекемеден босатылатын адамды қосымша жазалауды кейінге қалдыру кезінде, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, мерзімін өтеген соң босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары таңдаған тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарына жіберіледі және ішкі істер органдарында және пробация қызметінде тиісті есепке қойылғаннан кейін беріледі.

5. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар келіп түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталғаннан кейін алынса - келесi күнi таңертең жүргiзiледi.

6. Пробация қызметі түзеу жұмыстары түрiндегi жаза мерзімі аяқталған күнi, ал басқа да негiздер бойынша осы жазадан босатылған кезде тиiстi құжаттарды алғаннан кейін келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сотталған адам жазасын өтеп жүрген кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгiн оның жалақысынан ұстап қалудың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Сотталған адамға жазасын өтегенi туралы құжат берiледi.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына, ақтау үкiмiнің шығарылуына байланысты үкiмнiң күшi жойылуы нәтижесінде жазасын өтеуден босатылған адамға жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы оның мүлiктік, еңбек, тұрғын үй және өзге де айырылған құқықтарын қалпына келтiру құқығын түсiндiредi. Босату туралы құжатта сотталған адамнан мемлекет атынан ресми кешiрiм сұралады.

8. Босатылғанға дейін бір ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.

9. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.