3-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАН АДАМДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
10-тарау. АЙЫППҰЛ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттары
1. Сотталған адам айыппұлды үкімде белгіленген мерзім ішінде төлейді. Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және оған сот кейінге қалдыруды берген уақыт қосылмайды. Егер үкім бойынша сотталған адам айыппұлды бір айдан аса мерзім ішінде төлеуге міндетті болса, айыппұл ай сайын тең үлестермен төленеді.
2. Сотталған адам мүліктік жағдайы нашарлаған жағдайда, айыппұлды кейінге қалдыруды беру туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Сотталған адамның айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
Егер сотталған адам айыппұлды сот белгілеген мерзімде төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) айыппұлды мәжбүрлеп орындату жөнінде шаралар қабылдайды. Айыппұлды толық өндіріп алу үшін сотталған адамның кірістері немесе мүлкі жеткіліксіз болған не сотталған адамның өз кірістерін немесе мүлкін мәжбүрлеп өндіріп алудан жасыру фактісі анықталған жағдайларда, жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес айыппұлды жазаның басқа түрімен ауыстыру туралы сотқа ұсыну жібереді.
11-тарау. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Түзеу жұмыстары сот үкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтегенге дейін Жәбірленушілерге өтемақы қорына жалақының (ақшалай үлестің) оннан елуге дейінгі пайызын ай сайын аудара отырып, сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша орындалады.
2. Түзеу жұмыстарына сотталғандар сот үкімнің көшірмесімен бірге соттың тиісті өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он бес күндік мерзімнен кешіктірілмей жазаны өтеуге тартылады.
3. Ұстап қалу негізгі жұмыс орны бойынша, сотталған адамға наразылықтардың бар-жоғына қарамастан, жалақы төлеу кезінде әрбір жұмыс істеген ай үшін атқарушылық құжаттар бойынша жалақысының барлық түрінен жүргізіледі.
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұстап қалу сотталғандар жалақысының ақшалай және заттай бөлігінен жүзеге асырылады. Сотталғандардың жалақысынан ұстап қалынған заттай бөлік жұмыс берушінің иелігінде қалады, ал оның құнын ол ай сайын Жәбірленушілерге өтемақы қорына аударады.
5. Ұстап қалу әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру тәртiбiмен алынатын жәрдемақылардан, бiржолғы сипаттағы төлемдерден жүргізілмейді.
6. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар сот үкiмiмен тағайындалған ұстап қалулар шегерiлмей, жалақысынан есептеледi.
7. Сотталған адам, пробация қызметі немесе ол жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігі оның материалдық жағдайы нашарлаған кезде сотқа жалақысынан ұстап қалудың мөлшерін төмендету туралы өтінішхат беруге құқылы. Ұстап қалудың мөлшерін төмендету туралы шешім сотталған адамның барлық кірісі ескеріле отырып шығарылады.
8. Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде, пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 9-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.
10. Iстiң тоқтатылуымен үкiмнiң күшi жойылған немесе өзгерген жағдайларда, сотталған адамға жалақысынан ұстап қалынған сомалар толық немесе артық ұстап қалынған сомалар қайтарылады.
53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары
1. Түзеу жұмыстарына сотталған адам:
1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тоқсанына бір рет пробация қызметіне профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келуге;
3) пробация қызметіне жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
2. Сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген мерзімде келмеуіне шақыртуды уақтылы алмауы, сондай-ақ ауыруы және оны шақырту бойынша уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын, құжаттамамен расталған басқа да мән-жайлар дәлелді себептер деп танылады.
54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
1. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген не жұмысынан айырылған немесе еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш ай бойы жұмысқа орналаспаған сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін қоғамдық жұмыстарға тартумен не қамаққа алумен, ал қылмысы үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну енгізеді.
1) бір жыл бойы осы Кодекстің 53-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді қайталап орындамаған;
2) жазаны өтеуден жалтару мақсатында жасырынған;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен сотталған адам түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүр деп танылады.
4. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
55-бап. Пробация қызметінің түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
Пробация қызметі:
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
2) сотталғандарға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сотталғандардың жалақысынан ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылығын және ұстап қалынған сомалардың Жәбірленушілерге өтемақы қорына аударылуын бақылауды жүзеге асырады;
4) сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
5) қажет болған кезде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері
1. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігі:
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) сотталған адамның жалақысынан ұстап қалуды Жәбірленушілерге өтемақы қорына уақтылы аударуға, бұл жөнінде тоқсанына бір рет пробация қызметіне растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) үш жұмыс күні ішінде пробация қызметін сотталған адамның жазасын өтеуден жалтаруы туралы хабардар етуге;
3) пробация қызметін сотталған адамның басқа лауазымға ауысуы немесе жұмыстан шығарылуы туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
12-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
3. Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды.
4. Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.
58-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды.
2. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
3. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандар қоғамдық жұмыстарды күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын шамада орындайды.
59-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу шарттары
Сотталған адам:
1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын сақтауға;
2) жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын жұмыстарды орындауға;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде киім нысанының үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кеудеше киюге;
3) пробация қызметіне тұрғылықты жерiнің өзгергені туралы хабарлап отыруға;
4) пробация қызметіне тіркелу және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін айына бір рет келіп тұруға міндетті. Келмеуінің дәлелді жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген.
60-бап. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
1. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін - қамаққа алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну жібереді.
1) қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындауға кірісуден бас тартқан не қоғамдық жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін, құжаттамамен расталған ауыруы және басқа да себептер жататын дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға бір ай ішінде екі реттен көп келмеген;
2) жазаны өтеу кезеңінде екі рет медициналық куәландырумен не мұндай мүмкіндік болмаған кезде - жұмыс берушінің комиссиялық актісімен расталған, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде келген;
3) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен сотталған адам қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүр деп танылады.
4. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
61-бап. Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
Пробация қызметі:
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
2) оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi мен шарттарын түсiндiредi;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сотталған адамды сот үкімін, қаулысын алғаны туралы хабарламамен және әкімдіктің қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімімен оларды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қолын қойғызып таныстырады;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындау орнына бару арқылы, оның ішінде техникалық мүмкіндік болған кезде олардың орындалуын ішінара тіркеп-белгілеу арқылы бақылайды;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) әкімдіктен жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және іздестіру жариялау туралы ұсынуды сотқа енгізеді;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада таратады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 62-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-бап. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары:
1) сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындауға;
сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға - күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығаруға;
пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім жіберуге;
2) киім нысанының үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындаған кеудешемен және қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен сотталған адамды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға;
3) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жіберуге;
4) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлауға міндетті.
2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
13-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
63-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындау тәртібі
1. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар жазасын тұрғылықты жері бойынша оларға пробациялық бақылауды жүзеге асыру жағдайларында өтейді.
2. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің 57 - 59-баптарына сәйкес ұйымдастырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде әлеуметтік-құқықтық көмек алу үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмi пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін орындауға қабылдаған күннен бастап есептеледi.
65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға ауыстырылған сотталған адам күзеттен босатылады және жазаны өтеу орнына бюджет қаражаты есебiнен өз бетінше барады.
Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға оны есепке қою үшiн пробация қызметіне жету маршруты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына баруы туралы нұсқаманы табыс етеді, сондай-ақ пробация қызметіне оған мінездеме беретін материалдар жібереді.
2. Сотталған адам жазаны өтеу орнына белгiленген мерзiмде келмеген кезде, пробация қызметі бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және, егер сотталған адамның жүрген жері анықталмаса, сотқа оған iздестiру жариялау туралы ұсыну енгізеді.
66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адам:
1) сот жүктеген міндеттерді орындауға;
2) пробация қызметінің талаптарын орындауға;
3) пробация қызметінің ұсынуы бойынша сот айқындаған жерлерге бармауға;
4) пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын ауыстырмауға;
5) пробация қызметін хабардар етпей әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге кетпеуге;
6) пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін келіп тұруға міндетті. Келмеуінің дәлелді жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген;
7) жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандар жазасын өтеу орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы. Пробация қызметінің келісімімен сотталған адам оқу орны тұрған жердегі пробация қызметіне міндетті түрде есепке қойылып, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы.
67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу
1) осы Кодекстің 66-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамау;
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру);
3) жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады.
1) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталап жасау;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде тоқтатылған жағдайда, сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасауы;
4) заңды талаптарды орындаудан бас тарту, сол сияқты пробация қызметінің қызметкерін қорлау не оған қатысты күш қолдану қатерін төндіру;
5) пробациялық бақылаудан жасырыну;
6) осы Кодекстің 60-бабы үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
3. Тіркелу үшін пробация қызметіне келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.
68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін сотталған адамға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түрінде жазалау қолданылады.
2. Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзатын сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу үшiн материалдар ұсынады.
69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адамға пробациялық бақылауды оның тұратын жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Сотталған адамды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметі тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
2. Пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сотталған адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сотталған адамға әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн оның пробация қызметiне келетін күндерiн белгiлейдi;
3) сотталған адамға сот жүктеген мiндеттер мен мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа - оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды
4. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және оған іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізеді.
14-тарау. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ
70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі заңды күшіне енген сот үкімін орындау мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.