2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Қылмыстың қауіпті қайталануы кезінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің тұрған жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасының мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен, шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара түсіністік шарттарында жазбаша келісім бойынша өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекетке жіберілуі мүмкін.
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер;
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер;
4) қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер;
5) төтенше қауіпсіз мекемелер;
7) қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді.
2. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге:
1) сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында аталған сотталғандар;
2) орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік жаңа редакцияда
4. Орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 2) тармағында аталған сотталғандар;
2) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік жаңа редакцияда
5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағында аталған сотталғандар;
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бөлік жаңа редакцияда
6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 4) тармағында көрсетілген сотталғандар;
2) 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жіберілген сотталғандар өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бөлік жаңа редакцияда
7. Толық қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабының алтыншы бөлігінде аталған сотталғандар;
2) 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне және 96-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар өтейді.
8. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
9. Мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар басқа қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған кезде, олардың әкімшілігімен келісу бойынша осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жүрген басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 10-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.
Осы бөліктің камерада ұстау туралы талабы осы Кодекстің 94-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
90-бап. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап он күннен кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі, бұған мыналар:
1) үкім заңды күшіне енген кезде зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі анықталған, ол тоқтағанға дейін, туберкулезбен ауыратын;
2) одан әрі стационарлық емдеу қажет болмаған кезде, адам сауыққанға дейін, басқа да қауіпті инфекциялық аурулары бар;
3) оларға қатысты жеке басын куәландыратын құжат ресімделіп жатқан;
4) жазасын өтеу мерзімінің соңына дейін бір айдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар кірмейді.
Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның:
1) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
2) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге;
3) өзінің жеке қаражатынан не өзге адамдардың қаражатынан ақысы төленетін, ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.
2. Қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi сотталған адамның таңдауы бойынша жұбайына (зайыбына) не туыстарының бiрiне, не өзге де адамға оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберілетіндігі туралы жазбаша хабарламаны екі жұмыс күні ішінде жіберуге мiндеттi.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды; 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті.
Бұл ретте сотталғандар сот шешімін күткен кезеңде оларға сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады.
91-бап. Сотталғандардың орнын ауыстыру
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады.
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сотталғандардың айдауылмен орнын ауыстыру ұстау қағидалары сақтала отырып: ерлер - әйелдерден, кәмелетке толмағандар - ересектерден жеке; бiр қылмыстық iс бойынша өтетін тергеудегі сотталғандар - бөлек; туберкулезбен ауыратындар немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциядан емделудiң толық курсын өтпегендер, психикалық ауытқулары бар науқастар - өзара бөлек және денi саулардан жеке, қажет болған кезде, дәрiгердiң қорытындысы бойынша - медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады.
3. Сотталғандардың айдауылмен орны ауыстырылған кезде олар қажетті тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде олар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларына сәйкес маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
5. Сотталғандардың орнын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Сотталған адамды жазасын өтеу орнына жiберу немесе басқа мекемеге ауыстыру кезiнде ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшасы сотталған адам жiберiлген не ауыстырылған мекеменің ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
7. Уәкілетті лауазымды адамдар сотталғандардың орнын ауыстырған кезде құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда олар қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша төтенше жағдайдың салдары жойылғанға не ерекше жағдайлар режимінің мерзімі аяқталғанға дейін басқа мекемелерге ауыстырылады.
Төтенше жағдай салдарларын жою немесе ерекше жағдайлар режимін енгізуге негіз болған жағдайларды жою мүмкін болмаған кезде сотталғандар осы немесе басқа облыстағы тиісті түрдегі мекемеге жіберіледі.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 92-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу
1. Қауіпсіздігі аралас, төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
2. Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылған немесе төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, өзге адамдардан оқшауланып ұсталады.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Басқа адам жасаған қылмыс туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған кезде жазасын мекемелерде өтеу белгіленіп, бас бостандығынан айыруға сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген мерзімге басқа мекемеден ауыстырылуы мүмкін.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы іс бойынша сот талқылауына қатысу қажет болған кезде, сотталған адам орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, істі сотта қарау уақытына сот қаулысымен қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы мүмкін.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Егер сотталған адам басқа іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылса және оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалса, оны қауіпсіздігі аралас мекемеде ұстау мерзімдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес айқындалады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін туберкулез не басқа да қауіпті инфекциялық ауру анықталған сотталған адам зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі тоқтағанға дейін не одан әрі стационарлық емдеу қажеттілігі болмағанға дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылады.
Қалдыру туралы шешімді қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін Кодексте көзделген жағдайларда қабылдайды.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды (2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Сотталған адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ құқықтық тәртіпті ұстап тұру үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылуы мүмкін.
Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қауіпсіздігі аралас мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа адамдардан оқшауланып камераларда ұсталады және оларға түрін сот тағайындаған мекеме үшін осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге жіберілген және ауыстырылған сотталғандар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5) мынадай жағдайларда: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болғанда немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырғанда; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болғанда немесе жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда телефон арқылы сөйлесуді пайдалануға кұқылы.
Сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады.
93-бап. Сотталғандарды мекемелерге қабылдау
1. Сотталғандарды мекемелерге қабылдауды мекемелердің ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленген тәртiппен әкімшілік жүргізеді. Бұл ретте:
1) сотталған адамның жеке басы туралы деректер және оны мекемеге жіберу негіздері;
2) мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдайтын, сотталған адамға тиесілі мүліктің тізімі;
3) сотталған адамның кез келген дене зақымы және оның дене бітіміне немесе психикалық жай-күйіне қатысы бар, денсаулығы туралы мәліметтер;
4) сотталған адамның шағымдары тіркеледі.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Әрбір сотталған адамға жеке іс арналады.
Бұл ретте жеке істерді есепке алу жазбалары жариялануға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана беріледі.
2. Мекемелерге келген сотталғандар он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге карантин бөлiмшесіне орналастырылады. Сотталғандар карантин бөлiмшесінде болған кезеңде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында болады.
3. Карантин бөлімшесінде болудың мақсаты:
1) мекеме әкімшілігінің жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын айқындау үшін маңызы бар, сотталғандардың жеке басы туралы мәліметтерді зерделеу;
2) сотталғандарды жазаны өтеу тәртібімен және шарттарымен таныстыру;
3) сотталғандардың инфекциялық ауруларын анықтау және олардың таралуын алдын алу болып табылады.
94-бап. Сотталғандарды мекемелерде бөлек ұстау
1. Мекемелерде сотталған ерлер мен әйелдердi, кәмелетке толмағандар мен ересектердi бөлек ұстау белгiленеді.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бесінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар бас бостандығынан айыруды бұрыннан өтеп жүрген сотталғандардан жеке ұсталады. Осы баптың қолданысы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.
Бір мекемеде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған және бұл жазаны бұрыннан өтеп жүрген әйелдер, оның ішінде соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар бөлек ұсталуы мүмкін.
Басқа сотталғандардан оқшауланып, сондай-ақ бөлек: қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында сотталғандар; өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар ұсталады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жекелеген мекемелерде, сотталғандығының санына қарамастан, сотталғандар - соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар ұсталады.
Сотталған әйелдерді - соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда, олар мекемелерде басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүмкін.
Осы бөліктің күші қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.
4. Сотталғандарды бөлек ұстаудың осы бапта белгiленген талаптары балалар үйi бар мекемелерге қолданылмайды.
5. Әртүрлi инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және денi сау сотталғандардан жеке ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерде (ауруханаларда, мамандандырылған психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханаларда) сотталған ерлер сот айқындаған режим түрiне қарамастан, бiрге ұсталады. Туберкулезге қарсы ауруханаларда сотталғандарды бөлек ұстау медициналық көрсетімдермен айқындалады.
95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау
1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсатында сотталған адамның мінез-құлқы дәрежесін айқындау арқылы оның мінез-құлқын бағалау жүзеге асырылады.
2. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі:
1) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес ол жазасын өтеп жүрген мекеме түрін өзгерту;
2) осы Кодекстің 135, 137, 139, 142, 144, 150-баптарына сәйкес оның мекемеде жазасын өтеу жағдайларын өзгерту;
3) осы Кодекстің 128, 130, 152, 154-баптарына сәйкес оның құқықтарын кеңейту не құқықтық шектеулер белгілеу үшін негіз болып табылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін мекеме комиссиясы ұсынатын, оның мінез-құлқын сипаттайтын материалдар (мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауы; еңбек пен оқуға қатынасы; тәрбиелік іс-шараларға қатысуы; сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуы; қылмыстан келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша шаралар қолдану) негізінде мекеме бастығының қаулысымен айқындалады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады.
Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады.
Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.
Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады:
оң сипатталатын сотталғандар үшін:
1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі екінші оң мінез-құлық;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір және одан көп жыл бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;
теріс сипатталатын сотталғандар үшін:
1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;
2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;
3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық.
Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
1. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар сот алдында мекеменің түрін:
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзімнің кемінде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін - толық қауіпсіз мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;
2) жазаны өтеудің жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн, ауыр қылмыстары үшiн - жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн, ал бұрын бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғандар мен жазаның қалған өтелмеген бөлігі кезеңiнде жаңа қылмыстар жасағандар - жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтегеннен кейін - орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге өзгерту туралы өтінішхат беруге құқылы.
1) қылмыстардың қауіптi қайталануы кезінде;
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында көзделген қылмыстар жасағаны үшін, қылмыспен келтірілген залалды өтемегендер;