Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V Қылмыстық-атқару кодексі (2025.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік немесе экстремистік қылмыстар жасағаны үшін;

3) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған сотталғандар;

4) 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мiндеттi емделуден өтпеген, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерiнде мамандандырылған емдеудi қажет ететiн;

6) дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстырылуға жатпайды.

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді

3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол берген сотталғандарға қатысты сотқа:

1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден - түрі бұрын сот үкімімен айқындаған мекемеге;

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) олар сот үкімімен жіберілген қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден - орташа қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.

3) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-бөлік өзгертілді

3-1. Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие және осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа орташа, барынша жоғары қауіпсіз мекемеден - олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, сол қауіпсіздік түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.

Бұл ретте сотқа ұсыну сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы қаскөйлікпен бұзушылығы үшін өзіне жеке адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылғаннан кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықты жасаған жағдайда енгізіледі.

Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-2-бөлікпен толықтырылды

3-2. Мекеме әкімшілігі осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген мекеменің түрін өзгерту туралы ұсынумен сотқа жүгінген жағдайда, мұндай ұсыну мен материалдардың көшірмелері келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.

5. Сотталған адам мекеме түрін өзгерту туралы өтінішхатпен жүгінген жағдайда, әкімшілік өтінішхатты сотталған адамның жеке басына, жазасын өтеу уақытындағы мінез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін материалдарды және сотталған адамның жеке ісін қоса бере отырып, он күн ішінде сотқа жіберуге, сондай-ақ көрсетілген өтінішхатты жібергені туралы прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

6. Сот мекеменің түрін өзгертуден бас тартқан жағдайда, өтінішхат енгізу сот қаулысы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін қайтадан орын ала алады.

7. Өзіне қатысты сот қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден түрі бұрын сот үкімімен айқындалған мекемеге немесе орташа қауіпсіз мекемеге қайтару туралы қаулы шығарған сотталған адам сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды

8. Егер сотталған адамды мекемеден осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінің тәртібімен ауыстыруға негіз болған тәртіптік жазаның күшін прокурор немесе сот жойса, мекеме әкімшілігі мекеменің түрін сотталған адам ауыстырылған қауіпсіздік түріндегі мекемеге өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхатпен жүгінуге міндетті, ал сотталушы құқылы.

 

 

17-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

 

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүктелген міндеттердің орындалуын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын; сотталғандардың, персоналдың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін; сотталғандардың белгілі бір санаттарын бөлек ұстауды, мекеме түріне қарай әртүрлі ұстау жағдайларын; жазаны өтеу жағдайларын өзгертуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген жазаны орындау және өтеу тәртібі мекемелерде жазаны өтеу режимі болып табылады.

2. Жазаны өтеу режимі жазаны орындау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.

3. Мекемелерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидалары қолданылады.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, барлық мекемелерде сотталғандар белгіленген нысандағы киімді киеді.

5. Сотталғандардың өзімен бірге алып жүруіне рұқсат етілетін заттар мен нәрселердің тізбесі мен саны мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленеді.

6. Сотталғандарға мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген ақша мен бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндайлар табылған жағдайда, оларды мекеме әкімшілігі алып қояды.

7. Сотталғандар заңда белгіленген тәртіппен иемденген ақшаны, бағалы қағаздарды, сондай-ақ нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектер мен тамақ өнімдерін сақтауды мекеме әкімшілігі қамтамасыз етеді.

8. Мекемеге іргелес жатқан аумақтың шекарасын, сондай-ақ оны пайдалану режимін оның әкімшілігімен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

9. Байланыс операторлары мен желілерді иеленушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) радиосигналды бұғаттау не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау және (немесе) оның жол кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты мекеме аумағына орнату кезінде ішкі істер органдарына консультациялық-техникалық жәрдемдесуді;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мекемелер аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қолдануды қоса алғанда, меншікті байланыс желілерін оңтайландыруды;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3) мекемелерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын тоқтата тұруды қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.

10. Жазаны өтеу режимін сақтауды және құқықтық тәртіпті ұстап тұруды қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен олардың иелігіндегі күштер мен құралдар қамтамасыз етеді.

 

98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу

1. Мекеме қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар мекеме аумағындағы және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына жете тексеру жүргізеді және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып қояды.

2. Жедел қызметкерлердің баянаты бойынша мекемелердің қызметкерлері мен сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар мекемеге келген адамдарға тінту жүргізеді.

Сотталғандармен ұзақ мерзімді кездесуге келген адамдардың заттарына тінту жасалады.

3. Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып өтуге әрекет жасау фактісі расталған жағдайда, ұзақ мерзімді кездесу құқығы берілген адамдар дереу шығарылады, кездесу тоқтатылады және пайдаланылды деп есептеледі.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдар сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға сотталғандармен кездесулерден айырылады.

Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталған адаммен кездесу берілмейді.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Сотталғандарға, олардың заттары мен киіміне, сондай-ақ мекеменің үй-жайына жете тексеру мен тінту жасалады.

Сотталғандардың жеке басын тінтуді сотталғандармен бір жыныстағы адамдар жүргізеді.

+10 °С-тан жоғары температура кезінде сотталғандарды жалпы тінту тексерулер жүргізу орындарында жүргізіледі, ал олар болмаған кезде - оқшауланған учаскелерде арнаулы жиналмалы кабиналарда жүргізіледі. +10 °С-тан төмен температура кезінде жалпы тінту мекеменің үй-жайларында жүргізіледі.

Тұрғын үй-жайларды оларда сотталғандар болған кезде тінтуге мұны кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жол беріледі.

6. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеменің аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де қүндылықтарды әкімшілік мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес алып қояды және олар сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.

Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселер, құжаттар, заттар, бұйымдар, заттектер, тамақ өнімдері, оның ішінде мекеменің аумағынан және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтан табылғандары, мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сақтауға беріледі не мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл жөнінде акт жасалады.

7. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, жете тексеру мен тінту мекемелерде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

8. Жете тексеру мен тінту жүргізу нәтижесінде жасалатын немесе жасалған қылмыс не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған кезде, одан әрі жете тексеру мен тінту тиісінше Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

 

99-бап. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мекеме әкімшілігі қашып шығудың, құқық бұзушылықтардың, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, сотталған адамдардың мінез-құлқы туралы қажетті ақпарат алу үшін, пилотсыз әуе кемесінің мекемелер аумақтарының үстінен және оларға іргелес аумақтардың үстінен ұшуының жолын кесу үшін бейнебақылау жүйелерін, электрондық және өзге де инженерлік-техникалық құралдарды пайдаланады.

2. Мекеме әкiмшiлiгi сотталғандарға қорғау функциясын бір мезгілде орындайтын қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары қолданылатыны, оны бұзу сотталғандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

 

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 100-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемелерде жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары жүзеге асырылады, олардың мiндеттерi:

1) жазаларды орындау тәртiбi мен шарттарын, сотталғандардың, мекемелер персоналының және өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

2) мекемелерде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу тәртiбiн бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу;

3) мекемелерден қашып шыққан сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды iздестiру;

4) сотталғандардың мекемеге келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтауға және ашуға жәрдемдесу;

5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, ашу және жолын кесу болып табылады.

2. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын мекемелердiң уәкілетті қызметтері, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

 

101-бап. Ерекше жағдайлар режимі

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, мекеме орналасқан ауданда төтенше, ерекше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде, жаппай тәртіпсіздіктер болған, сондай-ақ сотталғандар топтасып бағынбаған кезде мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілуі мүмкін.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі.

Көрсетілген мерзімдерде ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның қолданылу уақытын аталған лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.

3. Сотталғандардың, персоналдың немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органының басшысы аумақтық ішкі істер органының басшысымен және облыс прокурорымен немес оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысын дереу хабардар ете отырып, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген шараларды өз бетінше енгізуге құқылы.

Мұндай жағдайда, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы хабарламаны алған күннен бастап бір тәулік ішінде ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы немесе енгізілген шаралардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

4. Ерекше жағдайлар режимі қолданылған кезеңде және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, мекемеде сотталғандардың осы Кодекстің 105 - 113-баптарында көзделген құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзету мен қадағалаудың күшейтілген нұсқасы, объектілерге жіберудің ерекше тәртібі енгізілуі, күн тәртіптемесінің өзгеруі, өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағарту, медициналық-санитариялық және өзге де қызметтердің жұмысы шектелуі мүмкін.

 

102-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мекемелердiң персоналына және сотталғандардың мінез-құлқына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарға қарсылық көрсететін, олардың заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбайтын, жаппай тәртiпсiздiктерге, адамдарды кепілге алуға, өзге де адамдарға шабуыл жасауға қатысатын немесе қоғамға қауіпті басқа да әрекеттер жасайтын сотталғандарға, сондай-ақ мекемелерден қашып шыққан немесе қашып шыққандарды ұстап алу кезінде, көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттердiң жолын кесу және адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне өзi зиян келтiруін болғызбау мақсатында дене күші, арнаулы құралдар және қару қолданылады.

Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, прокурорды қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi заңмен айқындалады.

 

 

18-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары

2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бір орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің шегінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларында болуы мүмкін.

2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Толық, төтенше қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар дағдылы, қатаң және жеңілдетілген жазаны өтеу жағдайларында болуы мүмкін.

3. Сотталғандарды бір жағдайдан басқаларына ауыстыру мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі, оның жұмысына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатыса алады.

 

104-бап. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері

1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында белгіленген құқықтармен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:

1) тамақ өнімдерін, нәрселерді және заттарды алуға, сақтауға және пайдалануға;

2) күн тәртіптемесінде айқындалған уақытта кітапхананы, үстел ойындарын, музыкалық аспаптарды, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен жаздырып алынған мерзімді басылымдар мен әдебиетті, сондай-ақ дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған діни әдебиетті пайдалануға;

3) сотталғандардың ерікті ұйымдарына кіруге;

4) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен байланысып тұруға;

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) күн тәртіптемесінде көзделген жеке уақытына иелік етуге;

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) өзіне қатысты есепке алу жазбаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мұндай есепке алу жазбаларының ресми көшірмелерін алуға құқығы бар.

Сотталғандардың іске асырылуы жаза мақсаттарына, жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шарттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар осы Кодекстің 11-бабында белгіленген міндеттермен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:

1) мекеме әкімшілігі айқындайтын орындар мен жұмыстарда еңбек етуге;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін киім нысанын сақтауға;

3) сыртқы түр-сипатына ұқыппен қарауға;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) тәртіптік изоляторлардағы, жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы, сондай-ақ жұмыс пен оқудағы адамдарды қоспағанда, мекемелерде өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

5) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауға;

2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, камераларда ұсталатын, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы сотталғандарды қоспағанда, тамақ ішу үшін асханаға баруға;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) камераларда, карантиндік бөлімшелердің, тәртіптік изоляторлардың, жасақтардың, жалғыз адамдық камералардың, уақытша оқшаулау үй-жайларының бөлмелерінде және ортақ пайдаланылатын үй-жайларында бекітілген графикке сәйкес кезекшілік атқаруға және оларда санитариялық жинауды жүргізуге;

8) санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға;

9) өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.

3. Сотталғандардың осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес:

1) мекемелер персоналының заңды әрекеттеріне қарсылық көрсетуге, оларға қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіруге;

2) мекемелердің, басқа жеке не заңды тұлғалардың, оның ішінде сотталғандардың мүлкіне зиян келтіруге, оларға зиян келтіру қатерін төндіруге;

3) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында өзіне, оның ішінде басқа адамның көмегімен дене зақымын келтіруге, өз денсаулығына зиян келтіруге;

4) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында тамақ ішуден бас тартуға;

5) мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға;

6) мекеме аумағын өз бетінше тастап кетуге, объектілердің не мекеме аумағы шекарасының күзет сызығын бұзуға, мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз тұрғын және өндірістік аймақтардың оқшауланған учаскелерінің шегінен тыс жерлерге шығуға, ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың және мекеме аумағындағы басқа да құрылыстардың шатырына көтерілуге, ішкі тыйым салынған аймақ қоршауына жақындауға;

7) мекемелер аумағында жүріп-тұруға, өздері тұрмайтын және жұмыс істемейтін үй-жайлар мен өндірістік объектілерде болуға;

8) мекеме әкімшілігін хабардар етпестен, жұмыс орнын, сондай-ақ болуға арналған үй-жайды тастап кетуге;

9) жабдықты, оның ішінде егейтін жабдықты, құрал-саймандарды, электр энергиясын, механизмдер мен материалдарды өндірістік қажеттіліктен тыс пайдалануға;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) әкімшіліктің бақылауымен өткізілетін білім беру және мәдени іс-шараларды қоспағанда, мекеме аумағында Интернет желісін пайдалануға;

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;

12) жеке пайдаланылатын нәрселерді, бұйымдарды және заттарды басқа сотталған адамға беруге;