Депутаттыққа немесе өзге де мемлекеттiк сайланбалы қызметке кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекетінен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiктерден және басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы -
қайырмалдық заттары тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидатқа - елу, заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
118-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi
Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
119-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi ұсынбау не жарияламау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрілген тұлғасына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға танысу үшін Республиканың заңнамасына сәйкес ұсынылуы мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi ұсынбауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген сайлаудағы (республикалық референдумдағы) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық жарияламауы -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған іс-әрекеттер -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 120-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нәтижелерінің болжамдарын жариялау тәртібін бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу -
жеке тұлғаларға - он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу
Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (тыңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
122-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің, діни бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың кез келген сайлау алдындағы үгіттеу материалдарын таратуы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру шарттарын бұзу
Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап. Үгіт материалдарын орналастыру
Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу
Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіру
1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларына дауыстарды қайта санаудан бас тарту, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру не сайлау процесіне қатысушылармен кездесу, не жария мәлімдемелер жасау не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімдерін байқау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 127-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен 127-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау
2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 127-1-баппен толықтырылды
127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау
1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен 127-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг)
1. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) -
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет -
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен 127-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
127-3-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Білім беру ұйымдары жəне (немесе) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) баланы жəбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау жəне (немесе) баланы жəбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі əрекеттерді жүзеге асыру жəне (немесе) оларға ден қою тəртібін сақтамау;
2) зорлық-зомбылыққа жəне (немесе) қатыгездікпен қарауға жəне (немесе) жəбірлеуге (буллингке) ұшыраған жəне (немесе) зорлық-зомбылықтың куəсі болған кəмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3) қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларға жəне (немесе) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға жəне (немесе) əлеуметтік бейімсіздікке жəне əлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға жəне (немесе) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) жетім баланы (жетім балаларды) жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жəрдемақы төлеу мерзімдерін жəне (немесе) мөлшерін жəне (немесе) оны тоқтату негіздерін бұзу;
2) неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды жəне (немесе) баланы қабылдайтын ата-аналарды жəне (немесе) баланы қабылдайтын кəсіптік тəрбиешілерді жəне (немесе) патронат тəрбиешілерді тағайындау;
3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тəртібін сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына дəлелсіз себептермен бармайтын кəмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
3) баса назар аударуды талап ететін кəмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тəрбиеленетін жəне білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер жəне түсіндірулер туралы сұрау салулар болған кезде оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мəтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салуды жіберуі жəне өзге де əрекеттері;
3) көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын қолданбау бөлігіндегі талаптарды бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу;
4) əлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының əлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;
5) білім алушылар мен тəрбиеленушілерді үздіксіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін сатып алуды белгіленген мерзімнен асыра жүзеге асыру;
6) əлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала рұқсат беру хаттамасын жəне (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
лауазымды адамдарға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп - бірінші басшылар, ал олар болмаған жағдайда басшылардың міндеттерін атқару тиісті бұйрықтармен жүктелген, оларды алмастыратын орынбасарлары түсінілуі керек.
2. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп:
1) 1) жəне 4) тармақшаларда - сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін жүзеге асыруға жауапты, олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
2) 2), 3) жəне 6) тармақшаларда - конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
3) 5) тармақшада бірінші басшы не жүктелген өкілеттіктерге сəйкес шешім қабылдаған адам түсінілуі керек.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 128-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 128-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің өзге де нысандарына тарту, сол сияқты кәмелетке толмаған адамды қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің көрсетілген нысандарында пайдалану -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 133-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 133-бап өзгертілді (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы
2025.17.11. № 232-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)