12. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекет -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асыру
1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын асырып жіберуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 172-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
173-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу
1. Осы Кодекстің 164-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың заңсыз актілер шығару, заңсыз тапсырмалар беру, құқыққа сыйымсыз шешімдер қабылдау, сол сияқты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау арқылы дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 175-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
175-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағында көзделген тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздердің болмауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабында көзделген шектеулерді бұзу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тергеп-тексеру жүргізу тәртібін бұзу;
7) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабында көзделген өнім үлгілерін іріктеу тәртібін бұзу;
8) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңділігін бұзу;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
10) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;
11) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;
12) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді және тергеп-тексеруді жүргізудің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мерзімдерін бұзу;
13) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылаусыз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу;
14) тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегін сақтамау бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 7-тармағының талаптарын бұзу;
15) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктіріп бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс ету -
лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-1-бап. 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен 176-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
176-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың банкроттығы кезiндегi құқыққа сыйымсыз әрекеттер
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептiк құжаттаманы не экономикалық қызметтi көрсететiн өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді борышкер - дара кәсіпкер, борышкер - заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушы жасаса, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушының басқа кредиторларға көрінеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен 176-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
176-1-бап. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер
1. Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты құқық белгілейтін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының азаматы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде жасаса, -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Борышкердiң қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұралатын ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың (борышкердің) мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа (борышкерге) тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Кредитордың және банкрот - дара кәсіпкердің, банкрот - заңды тұлға мүлкі меншiк иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 14-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Құны банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде елеулі төмендейтін мүлікті (жедел өткізуді қажет ететін тез бұзылатын тауарлар, мал және басқа да тауарлар) сатуды «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 15-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Осы баптың бiрiншi, екінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 16-бөлікпен толықтырылды
16. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 17-бөлікпен толықтырылды
17. Осы баптың тоғызыншы, оныншы және он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiрген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал - ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар комитетіне түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетін күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Банкроттың мүлкін сату жоспарын жасау немесе оны өткізуді жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі мiндетін орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау -