«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi (Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/337 Қаулысымен бекітілді) (2014.17.10. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 Қаулысымен күші жойылды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/337

қаулысымен бекітілген

 

 

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi

(2014.17.10. берілген толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының негізінде әзірленді (бұдан әрі - Стандарт).

2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік және орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе телефон арқылы байланысқанда:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) минуттан аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минуттан аспайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.