Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/337
қаулысымен бекітілген
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.17.10. берілген толықтырулармен)
1. Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының негізінде әзірленді (бұдан әрі - Стандарт).
2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік және орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - қағаз түрінде (еркін үлгіде) бекітілуі туралы анықтама (талон);