Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Төрағасының
2014 жылғы 12 мамырдағы
№ 171 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу туралы осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-ІV «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және қаржы полициясы органдары (бұдан әрі-ҚПО) қызметкерлерінің жеке істерін ресімдеуді және жүргізуді, оларды есепке алу, сақтау және беру тәртібін анықтайды.
2. ҚПО немесе ҚПО білім беру ұйымдарына қызметке түсетін үміткерге кадрлар бөлімшелері жеке іс ресімдейді, оған барлық зерделеу материалдары және одан әрі қызметтік іс-әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі еңбек өтілі туралы мәліметтер тігіледі.
3. Қызметкердің есепке алу құжаттары мен жеке ісіндегі мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.
4. ҚПО кадр бөлімшесі ҚПО қызметінде тұратын барлық қатардағы және басшы құрамға, сондай-ақ жұмыскерлеріне жеке істер ресімдейді және жүргізеді.
5. Жеке іс негізгі құжат болып табылады, онда ҚПО қызметкерлерінің қызметтік, кәсіби және қоғамдық қызметін сипаттайтын барлық дербес деректер мен материалдар жинақталады.