Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

(қаржы полициясы) Төрағасының

2014 жылғы 12 мамырдағы

№ 171 бұйрығына 4-қосымша

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды

 

 

Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі

 нұсқаулық

 

1. Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 22-28-бабында көзделген ережелерді іске асыру мақсатында әзірленген және алғашқы, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеуін нақтылайды.

2. Алғашқы және кезекті арнаулы атақтар беруге ұсыныстар осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысандағы бланкіде ресімделеді.

Осы бланкілерде кезекті арнаулы атақтарды мерзімінен бұрын беруге, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары атақ беруге және арнаулы атағын төмендетуге (қалпына келтіруге) ұсыныстар ресімделеді.

3. Арнаулы атақтарды беруге ұсыныстардың бланкілерін толтыру кезінде қосымша мыналарды ескеру қажет:

1) қызметкер ұсынылып отырған арнаулы атақ туралы бөлімде осы атақтың атауы қысқартусыз, толық көрсетіледі;

2) лауазымы оның штат атауына қатаң сәйкестікте және қысқартусыз көрсетіледі;

3) жеке нөмір беру туралы бөлім офицерлік атағы жоқ немесе орта және аға басшы құрамның арнаулы атағы жоқ адамдарды орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын беруге ұсынған жағдайда толтырылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.