(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.22.08 № 938 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 және Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 938 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 291-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасында:

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қант қызылшасы, майлы дақылдар, күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша - егіс науқанының қорытындылары бойынша базалық норма бойынша 1 гектарға 100 % жүзеге асырылады.

Бұл ретте:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.