Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығына 5-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

(қаржы полициясы) Төрағасының

2014 жылғы 12 мамырдағы

 № 171 бұйрығына 5-қосымша

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану

 қағидалары

 

1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану туралы осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану тәртібін анықтайды.

2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және жедел-қызметтік іс-әрекетіндегі оң нәтижелері үшін қызметкерлерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабымен көзделген көтермелеулерді қоспағанда, көтермелеулердің келесі түрлері қолданады:

1) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының алғыс хатымен марапаттау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.