Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

(қаржы полициясы) Төрағасының

2014 жылғы 12 мамырдағы

 № 171 бұйрығына 6-қосымша

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

 қағидалары

 

1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартудың тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2. ҚПО тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.

3. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза салу үшін негіз болып табылады.

4. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерге тәртіптік жазалардың келесі түрлері қолданалады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын лауазымынан босату;

6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір саты төмендету;

7) құқық қорғау органдарынан шығару;

8) құқық қорғау органының басшылары немесе уәкілетті басшылар берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару;

9) арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.