Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Төрағасының
2014 жылғы 12 мамырдағы
№ 171 бұйрығына
8-қосымша
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі
нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 71-78-баптарын іске асыру мақсатында әзірленген және қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) қызметкерлеріне демалыс берудің ресімделуін нақтылайды.
2. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес құқық қорғау қызметінің қызметкерлері үшін демалыстардың мынадай түрлері белгіленеді:
1) ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;
2) қысқа мерзімді демалыс;
3) оқу демалысы (құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына, сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);
4) еңбек сіңірген жылдары және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс;
5) жүктілігіне және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс белгіленеді.
3. Демалысты беру, ұзарту не ауыстыру және демалыстан кері шақыртып алу тиісті бұйрықпен ресімделеді.
2. Демалыстардың ұзақтығын есептеу