«Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 244 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Сауқымбекова Аяна Рымжанқызы
| - | Заң департаменті сыртқы нормативтік құқықтық актілерді сараптау басқармасының сарапшысы, хатшы |
Иғалиев Марат Несіпқалиұлы
| - | Туризм индустриясы комитетінің төрағасы |
Қанешев Біржан Бисекенұлы
| - | Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы |
Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы
| - | Өнеркәсіп комитетінің төрағасы
|
Нұрабаев Базарбай Қанайұлы
| - | Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы |
Тұрлубек Арман Алашұлы
| - | Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы |
Хаиров Ерлан Картайұлы
| - | Инвестиция комитетінің төрағасы
|
Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы
| - | Атом энергиясы комитетінің төрағасы
|
Бекенов Берік Темірғалиұлы
| - | Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры |