Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 226 бұйрығы
«Әкімшілік ресімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 қарашадағы № 411 бұйрығының;