Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының және психиатриялық ұйымдардың өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2014 жылғы 11 шілдедегі № 392 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193 Қазақстан Республикасы Кодексінің 32 - бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының және психиатриялық ұйымдардың өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасы бекітілсін.
2. Облыстардың және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының психиатриялық ұйымдармен жұмыстағы өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 11 шілдедегі
№ 392 бұйрығымен бекітілді
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының және
психиатриялық ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі
жол картасы