«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № А-5/227 қаулысымен бекітілді) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/494 Қаулысымен күші жойылды

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 2 маусымда

№ А-5/227 қаулысымен бекітілді

 

 

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Әлеуметтік келісімшарт көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді - 15 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 15 минут. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.