Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 277 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 427 бұйрығымен күші жойылды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлескен жобалар шеңберіндегі Үйлестіру тобы төрағасының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 17-1/148-И хаттамалық тапсырмасының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 60 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.».
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 14 шілдедегі
№ 277 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 60 бұйрығына қосымша
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ)
бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске
асыру жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
№ | Т.А.Ә. | Лауазымы |
1. | Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, төраға
|