«Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 265 бұйрығы

«Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 265 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін жүргізу тәртібі және талаптарында:

6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. 2-Ұлттық тізілім институционалдық аккредиттеуден өткен танылған қазақстандық және шетелдік аккредиттеу органдарының, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейін әрекет еткен аккредиттеу органдарының анықтамасы негізінде Министрлік қалыптастырған аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізімі болып табылады.

7. 3-Ұлттық тізілім танылған қазақстандық және шетелдік аккредиттеу органдарының, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейін әрекет еткен аккредиттеу органдарының мәліметтері негізінде Министрлік қалыптастырған білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізбесі болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.