«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 619 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы 25 маусымдағы

№ 619 қаулысымен бекітілген

 

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды

 


«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Қызмет берушінің атауы: медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)).

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәрігердің қабылдауына жазылу туралы анықтама беру (бұдан әрі - анықтама).

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.