Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығы
(2024.22.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.02.12. № 1261 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.