Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын» бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 281/39 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 167/21 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 науырыздағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 185 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын» бекіту туралы» № 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы № 20 «Шаһар» газетінде және 2010 жылғы 17 мамырдағы № 19, 2010 жылғы 24 мамырдағы № 20 «Версия» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы 13-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат):