Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығы
(2015.02.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 376 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;