Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығы
(2025.24.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017.04.08. № 53 қе бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.06.10. № 91/қе бұйрығымен (2025 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023.16.05. № 26/қе бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.06.10. № 91/қе бұйрығымен (2025 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017.04.08. № 53 қе бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.06.10. № 91/қе бұйрығымен (2025 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Н. Әбіқаев |