«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімі (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімі

(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы маслихаты

сессиясының төрағасы

 

С. Богатырев

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

 

С. Есілов

 

Астана қаласы мәслихатының

2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 250/36-V шешіміне

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.