Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 228 шешімі
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 8 маусымдағы № 06-01-02/286 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 106-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына және 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 788 «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің №8-9 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер -
«120 834 136,2» деген цифрлар «123 749 941,9» деген цифрлармен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша -
«35 736 951» деген цифрлар «37 457 196,7» деген цифрлармен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері бойынша -
«84 614 144,2» деген цифрлар «85 809 704,2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар -
«126 612 795,2» деген цифрлар «129 512 600,9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредит беру -
«4 762 698,7» деген цифрлар «4 778 006,7» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -
«4 988 954» деген цифрлар «5 004 954» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«226 255,3» деген цифрлар «226 947,3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы -