«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (экспорт - кедендік рәсімі)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 292 бұйрығына 5-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 26 маусымдағы

№ 292 бұйрығына

5-қосымша

 


«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды

жүзеге асыру (экспорт - кедендік рәсімі)»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (экспорт - кедендік рәсімі)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (экспорт - кедендік рәсімі)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші www.ed.customs.kz «электрондық декларациялау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйесі) арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Экспорт кедендік рәсімінде тауарларды декларациялаудың электрондық нысаны мынадай жағдайларда қолданылмайды:

1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтарды кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлеген кезде;

2) кедендік төлемдер мен салықтарды тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген кезде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.