«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығы

«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 401-404 (26798) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) академиялық деңгей (Degree) - қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.