Балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу нысандары мен қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-ө Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 347 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 26)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу нысандары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтытың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.