«Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 281 Қаулысы (күші жойылды)

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 281 Қаулысы

 

Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 301 Қаулысымен күші жойылды

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» №83 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік Тізілімінде № 2639 тіркелген, облыстық «Жетісу» газетінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 36 және «Огни Алатау» газетінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 36 жарияланған) төмендегідей өзгерту енгізілсін:

көрсетілген қаулының 3 және 4 қосымшалары осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.