«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 300 Бұйрығы (күші жойылды)

«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 300 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 588-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл № 3) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде (бұдан әрі - Ереже):

4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі құжаттама.

17. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ өсімақылар мен айыппұлдарды есепке алу жөніндегі құжаттама іс номенклатурасына сәйкес құжаттардың түрлері бойынша топтастырылады және қағаз және (немесе) электронды тасығыштарда жүргізіледі:

1) уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған құжаттар;

2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың, айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі құжаттар;

3) қосылған құн салығын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі құжаттар;

4) дербес шоттарды беру және қабылдау жөніндегі құжаттар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.