«Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 258/7 қаулысымен бекітілді) (күші жойылды)

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 144/5 Қаулысымен күші жойылды

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 17 шілдедегі

№ 258/7 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1) «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2) Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі (бұдан әрі - үзінді көшірмесі) болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4) Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен ескерілген құжаттар топтамасын ұсыну негіз болып табылады;

5) Бас маман ұсынылған құжаттарды қабылдайды (20 минуттан аспайды). Кіріс құжаттары журналында тіркейді, үзінді көшірмесін дайындайды - 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде.

Басшы үзінді көшірмесіне қол қояды - 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.

Бас маман үзінді көшірмесін көрсетілетін қызметті алушының өзі келгенде (немесе сенімхат бойынша өкілге немесе заңды өкіліне) береді немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға поштамен жібереді - 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.

6) Рәсімнің нәтижесі үзінді көшірмесін беру болып табылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.