(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2014.06.05 № 150/5 ҚА...

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 6 мамырдағы

№ 150/5 қаулысымен

бекітілді

 

Осы редакция 2014 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды


«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті

жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру (бұдан әрі - ақпарат) болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өтініштің қабылдалған күні, қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі - 20 (жиырма) минуттан аспайды.

Бас маман ұсынылған өтінішті тексереді, кіріс құжаттары журналында тіркейді, ақпаратты дайындайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Басшы ақпаратқа қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.