«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 232 қаулысымен бекітілген) (2015.16.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 309 Қаулысымен күші жойылды

Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2014 жылғы

8 шілдедегі № 232 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2015.16.03. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жығы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде әзірленген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәрігердің қабылдауына жазылу туралы анықтама беру.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.