Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/04 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 34/05 қаулысымен
бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) қызмет көрсетуші;
2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО);
3) «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну түрі: электронды және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген қызмет алушының қажетті құжаттарымен қоса берілген өтініші негіздеме болып табылады.
Құжаттардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.